Отанды сүю жайлы сөз қозғасақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде былай бяандайды: «Отанды сүю иманнан» - деген. Яғни иманның ең шыңы Алланы бірлеу болса, соның ішіне отан сүйспенлішігі де жатады екен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) кезінде, яғни 1400 жыл бұрын, Меккенің барлық мұсылмандары өз туған жерінен қудаланған болатын. Олар Пайғамбарымыздың сахабалары, яки ең бірінші мұсылман қатарына қосылғандар болып есептеледі. Барша Сахабалар (р.ғ.) Пайғамбарымыздың соңына еріп Медина қаласына қоныстанған болатын. Біз оны хижра дейміз. Міне осы кезден бастап мұсылмандардың хижра жылы басталады. Қанша қудаланса да, қаншама азап шексе де өз елін, өз жерін ұмытпай сабыр сақтаған. Міне, отанға, жеріне, жалпы жанұясына деген махаббат осындай болу керек сірә.
Бізге жеткен бір аңыз әңгімеде былай деп айтылады: «Бір күні ғұлама адам үйінде отырып өз досын күтіп отырған екен. Досы келсе ғұламаның үстелінде екі шырақ тұр екен. Біреу үлкенірек болса, екіншісі сәл кішірек. Әлгі ғұлама адам үлкен шырағын өшіріп әңгімесін бастайын деген де, досы – Сен неге үлкен шырақты өшіріп кішірегін қалдырдың, мен бұл әрекетіңді түсінбедім деп айтады. Сонда ғұлама – Үлкен шырақ ол мемлекеттің шырағы, ал кішкентай шырақ ол өз ақшама сатып алған шырағым. Біз екеуіміз дәл қазір өз шарауамызды шешуге кездесен жоқпыз ба?» – деп жауап берген екен.
Біз қайда жүрсекте отанымызды сүйіп, өз елінің патриоты болсақ иманымыздың жоғары деңгейде болғаны. Нағыз мұсылманның белгісі екені мәлім. Олай болса отанымызға деген сүйспеншілігіміз, адалдығымыз, істеген еңбегіміз артып, иманымыз нығая берсін!